×

%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB-%D0%A5%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D1%80-24's video: GGG:

@GGG: Талаптарыма келіссе, үшінші рет шығамын
Геннадий Головкиннің жанкүйерлері оның жеңілісіне сенер емес. Әлемдік деңгейде аты шыққан спорт шолушыларының өзі бүгінгі шешімге күмәнмен қарайды. Бұған дейін кәсіпқой бокста барлық қарсыласын бүк түсірген Гена шаршы алаңда жұдырықтасуын жалғастыра бермек. «Талаптарыма келіссе, Канеломен үшінші айқас өткізуге де дайынмын», – дейді. Жексенбідегі таңғы ұйқысын қиып, Головкиннің жекпе-жегін көруге асыққан қазақстандықтардың санында шек жоқ десем, артық айтпаспыз. Лас-Вегастағы тартысты жекпе-жекті тамашалуға мұхит асып бара алмаған жанкүйерлердің бірі үйде, енді бірі арнайы орындарға жиналды. Шаршы алаңда талайды есеңгіреткен Генаның бүгін жолы болмады. Ардақтаған чемпионынан жұрт жеңіліс күтпеген еді. 12 раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің екеуі жеңіске Сауль Альварес лайық деп шешті. Сөйтіп 115-те 113 есебімен мексикалық ешкімге дес бермеген отандасымыздан басым түсті. Дегенмен төрешілердің бірі тартыс теңде-тең өтті деген шешім қабылдады. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

5.5K

1.2K

Other post by @%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB %D0%A5%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D1%80 24